Ұлттық кітап күніне орай мектебімізде облыстық семинар өтті. Бұл күн мен үшін өте ерекше болды. Себебі мен «Қызылорда руханият бесігі: көне кітаптар әлеміне саяхат» атты көрменің таныстырушысы болдым.
Көрмеде көне кітаптар туралы айтып, келген қонақтарға қызықты мәліметтермен таныстыру қажет болды.
Семинарда ұстаздар әдебиет пен ғылымды байланыстыра отырып ашық сабақ өткізді. Сонымен қатар біз республикалық «Шекарасыз кітапхана» челленджіне қатысып, өзіміз оқыған кітаптар туралы ой бөлістік.
Бұл күн мені кітапты бұрынғыдан да қатты жақсы көруге үйретті. Кітап – менің досым, сырласым!
Қазына Меңлібаева,
Қызылорда қаласы
Н.Ергешбаев атындағы
№172 орта мектебі, 6-сынып оқушысы

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!