Дүйсенбі, 21 сәуiр, 14:33

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№28,2141
19.04.2025
PDF мұрағаты

«Кітап QALA» атты мерекелік шара өтті

21.04.2025

68 0

Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен 23 сәуір – «Ұлттық кітап» күніне орай дәстүрлі «Әдеби автобус» жобасы аясында «Кітап QALA» атты мерекелік шара өтті. Темір жол вокзалынан бастау алған №1 бағыттағы қоғамдық көліктің іші-сырты дәйекті сөздермен, шарлармен ерекше безендіріліп, кітапты ұлықтау мақсатындағы кезекті сапарына бет алды.

Кітапханашылар қала тұрғындарына әлем бойынша кітапқа байланысты халықаралық жобаларды таныстырды. Атап айтсақ, «Бір ел – бір кітап», «Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күні», «Балалар кітабы күні». Биылдан бастап, елімізде 23 – сәуір «Ұлттық кітап күні» қосылуда. Бұл мерекені – ана тіліміздегі ұлттық таныммен танылған кітаптардың насихатталуына, шығарма авторларының беделі артуына үлкен қозғау салатын атаулы күн десек те болады.
Шара барысында кітапхананың белсенді оқырмандары ақын-жазушылардың өлеңдерін мәнерлеп оқып, жолаушыларды бір серпілтіп тастады. Сондай-ақ, кішкентай өнерпаздар әннен шашу шашып, қоғамдық көлікте отырған әрбір адамға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Кітапханашылар мерекелік шараны қызықты өткізу мақсатында жолаушыларға түрлі викториналық сұрақтар қойды. Сондай-ақ мақал-мәтелдердің жартысы айтылып, әрі қарай екінші жартысын жолаушылар тауып, тапқырлық танытты. Сан түрлі тақырыптағы жұмбақтар шешіліп, өз білімдерін көрсеткен жолаушылардың барлығына сыйлықтар берілді.

«Кітап QALA» атты мерекелік шара өтті


Айта кету керек, бүгінгі іс-шараға «Ауыл» партиясы Қызылорда облысы бойынша өңірлік филиалы мен Текей батыр Қарпықұлы атындағы жоғары колледжінің құрылтайшысы Исаев Мирамбек Мырқыұлы қолдау көрсетіп, демеушілік жасады.
Осылайша, мереке қарсаңында кітапханашылар қауымы №1 қоғамдық көлігіне мінген әрбір жолаушының бір сәтін болса да, көңілді әрі қызықты өткізуіне өз үлестерін қосты.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: