Жексенбі, 22 желтоқсан, 08:54

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Кітапханалар бірыңғай жүйеге қосылды

08.02.2022

969 0

Бүгінгі күні қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты 12 қалалық мәдениет үйі, клубтар және халықтық ұжымдар, қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі мен Қызылорда қаласының

тарихи музейі жұмыс жасауда. Аталған мекемелердің өткен жылы атқарған жұмысы жайында қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Нұрсұлтан Әбілдаев баяндады.

Бөлім басшысының хабарлауынша, қала тұрғындарының бос уақытын тиімді өткізу мақсатында «Мереке думан» халықтық әзіл-сықақ отауы мен Жастар театры мазмұнды шығармаларды орындауымен ерекшеленіп келеді.

– Өткен жылы 1428 мәдени іс-шара өткізіліп, оған 215 586 көрермен тартылды. Сондай-ақ Қызылорда қаласы бойынша жас дарынды өнерпаздарды үлкен сахнаға дайындау үшін қала орта­лығындағы және кент, ауылдық округтердегі клубтар мен мәдениет үйлері жанынан барлығы 90 үйірме жұмыс жасап, оған 1079 көркем­өнерпаз қатысты. Мәдениет үйлері мен клуб кәсіпорындары түрлі деңгейдегі 181 байқауға қатысып, жүлделі болды, – деді бөлім басшысы.

Кітапханаға келген оқырман сұранысын қанағаттандыру, сапалы қызмет көрсету, кітап берілім жұмысын тездету мақсатында жүйеге қарасты барлық кітапханаларда республикалық автоматтандырыл­ған кітапхана-ақпараттық жүйесі РАБИС бағдарламасы бойынша электронды каталог қорына 415 425 кітап пен мақала енгізіліп, сандық форматқа әртүрлі сала бойынша 1274 кітап көшірілген.

Сонымен қатар биыл Қазақстан және КСРО халық әртісі, халық қаһарманы Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойы, Қазақстанның халық жазушысы Әзілхан Нұршайықовтың 100 жылдығы, жазушы, драматург, Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығы аясында бөлім тарапынан түрлі мәдени іс-шара ұйымдастыру жоспарланып отыр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: