Дүйсенбі, 10 қараша, 13:05

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№85 (2197)
08.11.2025
PDF мұрағаты

Колледждерден биыл қанша студент шетелдік курстардан өтті?

10.11.2025

49 0

Фото: Oqu-agartu ministrligi

Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін 2025-2027 жылдарға трансформациялау жөніндегі Жол картасы және Жұмысшы мамандықтар жылы шеңберінде іске асырылып жатқан бағдарламалардың негізгі мақсаты – тәжірибе алмасу, заманауи технологияларды меңгеру, келешек мамандардың еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыру, деп жазады Egemen.kz.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше Қазақстан колледждері халықаралық ынтымақтастық пен академиялық ұтқырлықты белсенді дамытып келеді. 2025 жылы еліміздің 10 колледжінен 150-ден астам студент шетелдерде білім алып, тәжірибеден өтіп отыр. 

«Қазақстан студенттері тамақтану, сервис, IT, энергетика, инжиниринг, дизайн және автомеханика бағыттары бойынша Түркия, Қытай, Қырғызстан, Франция, Испания, Оңтүстік Корея, Өзбекстан, Ұлыбритания, Германия, Швейцария елдерінде қысқа мерзімді курстардан және тағылымдамалардан өтті» дейді Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Әсет Муханбетов.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: