Ұлттық құндлылықтарды ұлықтау, өскелең ұрпаққа ата-баба мұрасын дәріптеудің бала тәрбиесінде маңызы зор. Бүгінде еліміз жас ұрпақтың бойына салт-дәстүрді, ұлт мұрасын сіңіруде жүйелі жұмыс істеп келеді. Соның дәлелі ретінде мектепке дейінгі білім беру мекемесінде тәлім алатын бүлдіршіндер арасында өткен «Ұлы дала ұрпағы» байқауын айтуға болады.
Аталған байқау «Атадан мұра» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен жыл сайын өткізіледі. Облыстық филормонияда өткізілген сайысқа Тасбөгет кентіндегі «Күләнда» бөбекжай бақшасының «Күләнда» би тобы да қатысты.
Қалаға қарасты барлық балабақша бүлдіршіндер арасында өткен сайыста «Күләнда» би тобы үздік өнер көрсетіп, жүлделі ІІ орынды иемденді. Ал жетекшісі хореограф Сандуғаш Сапабекова үздік бишілерді дайындағаны үшін «Атадан мұра» қоғамдық қорының арнайы Алғыс хатымен марапатталды.
Сандуғаш Маратқызы
«Күләнда» бөбек-жай бақшасының тәрбиешісі
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!