Сенбі, 13 желтоқсан, 16:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№95 (2207)
13.12.2025
PDF мұрағаты

Kundelik жүйесінен деректердің таралуы: компания ақпаратты жоққа шығарды

13.12.2025

42 0

Фото: pixabay

Мектептерге арналған бірыңғай электрондық білім беру платформасы – Kundelik жүйесін әзірлеуші компания «оқушылардың жеке деректері интернетке тарады» деген ақпаратқа қатысты ресми түсініктеме берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Компания мәліметінше, әлеуметтік желілер мен анонимді Telegram-арналарда таралған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.

Дербес деректердің тарап кеткені туралы хабарлама жауапкершілік алмайтын анонимді Telegram-арна арқылы таратылған. Қазіргі уақытта Kundelik жүйесінен деректердің таралу фактісі расталмаған, – делінген компания мәлімдемесінде.

Kundelik өкілдері аталған жағдайға байланысты ішкі техникалық тексеріс жүргізіліп жатқанын айтты.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: