Жұма, 23 мамыр, 06:45

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№37,2150
20.05.2025
PDF мұрағаты

Мамандық – жүрек қалауы

22.05.2025

19 0

Мамандық таңдау адамның өмірін айқындайтын маңызды шешім.Табысқа жетуге ғана емес,рухани өсуге әсер етеді. Өкіншке орай таңдау жастардың өз еркімен емес, ата-ананның ықпалымен жасалады. Кейде ол баланың болашаққа деген көзқарасын тұншықтрып, өзіне сенімсіздік тудырады. Жасөспірімнің өз жүрек қалауымен емес, сыртқы қысыммен таңдаған мамандығы өмір бойы өкінішке айналуы мүмкін.

Ашық дереккөздерге сүйенсек, жастардың тең жартысына жуығы мамандық таңдауда еркін болмағанын көрсетеді. Соның бірі Айдана есмді бойжеткен.Ол мектепте суретші болуды армандап, түрлі көрмеге қатысып жүрсе де, ата-анасының «суретші тұрақсыз кәсіп,заңгер бол, абыройлы мамандық»деген сөзі.Қазір ол дипломы бар заңгер болған мен, жұмысына еш қызығушылығы жоқ екенін айтады.Ал Ернар есімді жас жігіт IT саласына бет бұрды. Бүгінде халықаралық стартаптарда қызмет етіп, бірнеше тілді меңгеріп, шетелдік компаниялармен жұмыс істеп жүр.

Сондықтан жастарға таңдау еркіндігін беру, олардың қабілеті мен қызығушылығына өту тұтас қоғам үшін қажет.Ата-ана бағыт сілтейтін шамшырақ. Бірақ баланың өз бағытын таңдауға құқығы бар. Жастар тек өз жүрек қалауымен таңдаған мамандықта ғана өз орнын таба алады. Бұл қоғамда кәсібін сүйетін, жауапты мамандардың көбеюіне сеп болады. Ендеше, әрбір жасқа таңдау еркіндігін беру – болашаққа салынған берік іргетас екенін естен шығармаған жөн.

Аймерей   НҰРЛАН,

                                                         Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің

                                                           Журналистика мамандығының 1-курс студенті

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: