Жұма, 27 желтоқсан, 10:15

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Мектеп асханасындағы тамақтан құрт пен тарақан шыққан

06.03.2024

878 0

Сурет: ast.nis.edu.kz

Мектеп асханаларында тамақтан құрт пен тарақан шыққан. Бұл Павлодардағы мектептердің асханасында орын алған. Мұндай мәселеден кейін арызданушылар тарапынан шағым түскендіктен, асхананы жалға алған 5 кәсіпкерге 1 миллион теңге шамасында айыппұл салынды, – деп хабарлайды Massaget.kz .

Айта кететін жайт, бұл жағдай бірінші рет емес екен. Айыпталған азаматтар бұған дейін де бірнеше рет санитарлық талапты бұзған. Қазір өңірде ведомствоаралық сараптамалық топ жасақталып, 16 мектеп тексеріліп жатыр. Сондай-ақ тамақты сапасыз дайындаған кәсіпкерлермен қоса, білім ошақтарының басшылары да жауапкершілік арқаламақ.

«Білім беру бөлімі мен 4 мектеп директорына тәртіптік жаза қолданылды. Негізгі мақсат –  айыппұл салу емес. Түсіндірме жұмыстарын жүргізу», – деді қалалық білім беру бөлімінің басшысы Қуаныш Қыдыралин.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: