Білім беру ұйымдарында жаңа тамақтану стандартын енгізу аясында озық тәжірибені апробациялауға арналған үлгілік мектептерге мониторинг жұмыстарын жүргізу мақсатында Қызылорда облысы әкімінің 2025 жылғы 24 қарашадағы Өкімімен арнайы жұмысшы тобы құрылды.
Олар М.Сужиков атындағы №6 орта мектеп, №290 орта мектебінде апта сайын мониторинг жұмыстарын жүргізіп, жаңа стандартты тәжірибеде қолдану барысында туындайтын өзекті мәселелерді анықтап, жеуге жарамсыздық индексін бағалайтын болады. Ол балаларға ұсынылған тамақтың қаншалықты сәйкес келетінін бақылауға мүмкіндік береді. Бұл тәсіл тамақтану жүйесін ашық әрі оңтайлы басқаруға ықпал етеді. Егер көрсеткіш 30%-дан жоғары болса, мәзірге түзету енгізу қажеттігін білдіреді. Бұл тәсіл тамақтану жүйесін ашық әрі оңтайлы басқаруға ықпал етеді. Индекстің өзі дайындалған тағамның қай бөлігі желінбегенін көрсетеді және желінбеген тағам салмағының дайындалған тағамның жалпы салмағына арақатынасы ретінде есептеледі.
Гульмира Сыздыкова
Қызылорда облысының СЭБД басшысы
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
