Бейсенбі, 26 желтоқсан, 10:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Мектеп бухгалтері қомақты қаржы жымқырған

31.10.2024

412 0

Сурет: Н.Нұржаубай

Мектеп есепшісі 238 млн теңге бюджет қаражатын заңсыз иемденген. Бұл мәселе Ақтөбеде орын алған – деп хабарлайды Massaget.kz.

Ақтөбе облысы прокуратурасының арнайы прокурорларымен №48 жалпы білім беретін мектеп есепшісінің бюджет қаражатын заңсыз иемдену дерегіне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады.

Ақтөбе қаласының прокуратурасымен есепші Г.-ның 2019-2024 жылдар аралығында қызмет бабын пайдалана отырып, мектеп қажеттіліктеріне бөлінген 230 млн теңгеденастам бюджет қаражатын иемденгенін анықтады.

Иемденіп алу схемалары жалақыны белгіленген нормадан тыс аудару, қос демалыс беру арқылы жүзеге асырылған.

Есепші Г.-ның іс-әрекеті ҚК-нің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағымен (аса ірі мөлшерде cенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) сараланды.

Арнайы прокурорлармен қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін, Ақтөбе қаласының №2 сотына жолданды.

24 қазанда сот есепші Г. кінәлі деп танып, 7 жылға материалдық жауапкершілік лауазымдарды атқару құқығынан айырыла отырып, 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: