Сейсенбі, 24 желтоқсан, 07:19

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Мектеп директорларын магистратурада оқыту қажет – депутат

19.08.2022

824 0

Мектеп директорларын арнайы жоғары оқу орындарының базасында магистратурада даярлау қажет. Мұндай ұсынысты Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысы міндеттеген 1 мың мектептің құрылысын жүзеге асыру аясында мектепті басқару және білімдегі көшбасшылықты қамтамасыз ету үшін, әрине директорлар корпусы қажет. Егер директор болмаса, онда ол мектептегі білімнің сапасы туралы да, ол жердегі олимпиада туралы да айту, бәрі де бекершілік. Сондықтан, біз ең мықты, көшбасшы, оқу процесін жетік білетін мектеп директорларын арнайы жоғары оқу орындарының базасында магистратурада даярлау қажет деп білеміз», – деді Мәжіліс депутаты республикалық тамыз конференциясы барысында.

Жұлдыз Сүлейменова инклюзивті білім беру жүйесін жетілдіру аясында тұрмысы нашар, әлеуметтік осал топтардағы отбасы балаларын тек мектеп формасымен немесе ресурстық қана емес, сонымен қатар олардың зияткерлік, мәдени, физикалық дамуын да қамтамасыз ету қажеттігін баса айтты.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: