Жексенбі, 24 қараша, 15:54

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Мектеп директоры оқушыны ұрып-соққан

21.11.2023

669 0

Мектеп директоры оқушыны ұрып-соқты

Сурет: Massaget.kz

Желіде Ташкенттегі мектептердің бірінде директордың оқушыны ұрып-соғып жатқаны туралы видео тараған еді. Осыған қатысты Ташкент қалалық мектепке дейінгі және мектепте білім беру басқармасы түсінік берді, – деп хабарлайды Massaget.kz

Видеодағы мәлімет бойынша, Ташкент қаласындағы №217 мектептің 8-сыныбында оқитын екі бала кабинетте төбелесіп қалған. Бірі екіншісінің бетінен жұдырықпен ұрып, жарақаттаған.

«Мұны білген мектеп басшылығы оқушыларды директордың кабинетіне шақырған. Мектеп директоры, директордың рухани-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Чилонзор ауданы ішкі істер бөлімінің инспектор-психологі, аға лейтенанттың қатысуымен оқушыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізген. Мектеп басшысы балалардың бірін тәртіпке шақыру барысында оған ұрысып, ұрып-соққан», – делінген хабарламада.

Осыдан кейін аудан әкімінің орынбасарлары, мектеп әкімшілігі, мұғалімдер, ІІБ қызметкерлері мен ата-аналардың қатысуымен жиын өткені хабарланды. Қазіргі уақытта осы жағдайды құқық қорғау органдары тексеріп жатыр.

«Құрметті ұстаздар! Оқушыларға күш қолдану, оның ішінде балағаттау, ұрып-соғу педагог этикасына сәйкес келмейтінін және бұл үшін біздің заңнамада жазалау шаралары белгіленгенін тағы бір рет еске саламыз. Мұндай келеңсіз жағдай педагогтің беделіне нұқсан келтіреді», – делінген хабарламада.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: