Дүйсенбі, 25 қараша, 02:40

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Мектеп мәселесі депутаттар назарында

20.04.2022

1523 0

Қалалық мәслихаттың жұмыс жоспарына сәйкес, кезекті сессияда «Мемлекеттік бағдарламалар аясында Қызылорда қаласында білім беруді дамыту» мәселесі қаралады. Осыған байланысты, 2022 жылғы 20 сәуірде қалалық мәслихат жанындағы «Құқық қорғау, әлеуметтік қолдау және жастар ісі мәселелері» жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өткізілді.

Күн тәртібінде «Қала әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның жұмысы туралы», «Мемлекеттік бағдарламалар аясында Қызылорда қаласында білім беруді дамыту», «Оқушыларға қосымша білім беру, жазғы демалысын ұйымдастыру, қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері» қаралды.

Депутаттар алдымен қаладағы күрделі жөндеуді қажет ететін және жөндеу жұмыстары басталған №212, №222, №10 мектептері мен «Қуаныш» балабақшасында болды. Қазіргі таңда бұл мектептерді жөндеуден өткізуге жоба-сметалық құжаттар әзірленген, ендігі кезекте олардың мерзімі өтіп кетпей қаржыландыру қажет. Ал, №10 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары басталуда. Сондай-ақ, аталған мектептерде кабинеттер тапшылығы, қосымша құрылыс жүргізу, аяқ су тапшылығы, кәріз су жүйесінің ескіруі мәселелері бар.

№4 «Қуаныш» балабақшасына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жоба сметалық құжаттарын әзірлеу қажет.

Комиссия жұмысы қалалық мәслихатта жалғасып, онда қалалық білім бөлімінің басшысы Д.Баймырзаева күн тәртібіндегі мәселелерге байланысты хабарлама жасап, депутаттардың сауалдарына жауап берді.

Депутаттар тарапынан баланы тәрбиелеуге алатын отбасылардың материалдық жағдайы емес, олардың шынайы балаға деген мейірімін ескеру, түнгі 22.00-ден кейін жасөспірімдердің кешкі ойын сауық, демалыс орындарында жүруі, жалдамалы пәтерлерді жасөспірімдерге беруді болдырмау бойынша кәсіпкерлік нысан иелерімен тиісті жұмыстар жүргізу, балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру, Қызылжарма ауылында өнер мектебінің филиалын ашу, үш ауысымда оқуға ықтималдық болған жағдайда нақты жоспарлардың болуы және басқа да мәселелер қаралды. Комиссия отырысында көтерілген ұсыныстар қаулыға енгізіліп, сессия қарауына шығарылып, тиісті шешімдер қабылданатын болады.

Комиссия отырысына қалалық мәслихат хатшысы И.Құттықожаев және күн тәртібіндегі мәселелерге орай шақырылған жауапты сала мамандары қатысты. Отырысқа комиссия төрағасы Қ.Ерназаров төрағалық етті.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: