Бейсенбі, 26 желтоқсан, 20:27

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Мектеп медиациясы – татулық кілті

30.01.2023

1227 0

Қызылорда облыстық ҚХА жанындағы медиаторлар кеңесінің ұйымдастыруымен Қарауылтөбе ауылдық округінің А. Хангелдин атындағы №179 орта мектебінде оқушылармен кездесу өтті.

Кездесуге отставкадағы судья, «Құрметті судья» атағының иегері, облыстық медиаторлар кеңесінің мүшесі, медиатор Зина Жаңбыршаева, «Қоғамдық келісім» КММ бөлім басшысы, медиаторлар кеңесінің үйлестірушісі Шахизат Абдраманова, «Бітім» медиация орталығының директоры, кәсіби медиатор Жанна Мирамбекқызы қатысып,  мектептік медиацияның балалардың үлкен өмірге аяқ басуына, әлеуметтік ортаға тез бейімделуіне көмектесетіндігін алға тартты.

Спикерлер әсіресе, мектеп медиациясы жанжалды азайтуға жағдай жасап, оқушыларға құрдастарымен ғана емес, ересектермен де қарым-қатынасты сауатты құруға көмектеседі деген пікірлерін ортаға салды.

«Қоғамдық келісім» КММ бөлім басшысы, медиаторлар кеңесінің үйлестірушісі Шахизат Абдраманова қатысушыларды өңірдегі медиацияның даму тарихымен таныстырды. Сондай-ақ, мектепте өзіндік татуластыру қызметін құру өте маңызды мәселе екенін және бұл бағытта облыстық ҚХА медиаторлар кеңесінің тарапынан елеулі істер атқарылып келетіндігін атап өтті.

Оқушылар тарапынан көптеген сұрақтар қойылып, тұшымды жауаптар айтылды. Алдағы уақытта мектеп оқушыларына арналған мұндай  оқу сабақтары өз жалғасын таппақ.  Себебі  дәрістер медиация институтын мектеп қабырғасынан бастап мақсатты түрде дамытып, өскелең ұрпақты дауды немесе жанжалды шешуге медиативтік көзқараспен қарауға үйрететін татулық кілті.

«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: