Сенбі, 31 қаңтар, 15:49

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№8 (2220)
31.01.2026
PDF мұрағаты

Мектеп мұғалімі оқушыларға ҰБТ-дан жоғары балл жинауға «көмектескен»

31.01.2026

51 0

Фото: Zakon.kz/ Павел Михеев

Ақтөбелік мұғалім екі немесе одан да көп адамға қатысты алаяқтық жасады деген айыппен сотталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақтөбе қаласының №2 сотының баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, сотталушы мектеп мұғалімі бола тұра, Ұлттық біріңғай тестілеуден өткізіп беру жайлы «қызмет» көрсеткен. Ол жәбірленушілермен сөйлесу барысында 1 балл 7 000 теңге болатынын жеткізген.

«Осылайша, 80 балл жинау үшін оған әр қайсысы 560 000 тенгеден ұсынған. Нәтижесінде, сотталушы өзінің қылмыстық құқық бұзушылық іс-әрекетімен жәбірленушінің әр қайсысына 560 000 теңге материалдық шығын келтірген»,- делінген мәліметте.

Сот отырысында сотталушы өзінің кінәсін толық мойындады.

Осылайша, сот үкімімен ол кінәлі деп танылып, оған 3 жылға педагогикалық қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, 3 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» 23.06.2025 жылғы Қазақстан Республикасының Заңының 3-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес тағайындалған негізгі жазасының өтелмеген бөлігінің мерзімі үштен бір бөлігіне қысқартылып, «Ж» түпкiлiктi 2 жыл 4 айға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: