Жұма, 22 қараша, 16:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

Мектеп оқулықтарының 80%-ы цифрлық нұсқаға көшірілді

24.07.2023

463 0

Мектеп оқулықтарының 80%-ын құрап отырған цифрлық нұсқадағы оқулықтар мемлекеттік сараптамадан өтіп, оқу-әдістемелік кешендер тізіміне енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқу-ағарту министрлігіне қарасты орта білім комитетінің хабарлауынша, оқулықтарды әзірлеу жұмыстарына еліміздің 11 баспасы тартылған. Пәндерді оқытудың инновациялық тәсілдерін енгізу мақсатында педагогтер үшін әдістемелік ұсынымдар даярланған.

«Бүгінде еліміздегі бастауыш сынып оқулықтары – 94%, 5-9-сынып оқулықтары – 81%, 10-11-сынып оқулықтары 61% электронды нұсқаға көшірілді. 2024 жылы пәндерді цифрлық оқулықтармен 100% қамту жоспарланған», деді орта білім комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев.

Мектептерде электрондық оқулықтармен қатар қосымша оқу материалы ретінде мультимедиалық контенті бар цифрлық білім беру ресурстары белсенді қолданылып жатыр.

Қазіргі күні 50 мыңнан аса цифрлық білім беру ресурсы жасалған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: