Жексенбі, 09 қараша, 22:33

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№85 (2197)
08.11.2025
PDF мұрағаты

Мектеп оқушысы қалай тамақтанғаны дұрыс

09.11.2025

49 0

Фото: BAQ.KZ

Мектеп жасындағы балалар үшін дұрыс тамақтану – денсаулық пен табыстың маңызды кепілі екені белгілі. Өсіп-жетілу кезеңінде ағзаға жеткілікті және пайдалы қорек қажет. Оқушының дұрыс тамақтану қағидаты туралы BAQ.KZ тілшісіне Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Мұхамғали Арыспаев айтып берді.

Айтуынша, теңгерімді ас мәзірі баланың сергек жүруіне, жаңа ақпаратты тез меңгеруіне және түрлі ауруларға қарсы тұруына ықпал етеді.

Биыл мектептерде оқушыларды тамақтандырудың бірыңғай ұлттық стандарты енгізілді. Бұл бастама балаларды сапалы, қауіпсіз және теңгерімді тамақпен қамтамасыз етуге бағытталған. Стандарт Денсаулық сақтау және Оқу-ағарту министрліктері, Қазақ тамақтану академиясы, ЮНИСЕФ және ДДҰ қолдауымен әзірленді, – деп атап өтті Мұхамғали Арыспаев.

Жаңа стандарттың негізгі талаптары мынадай:

  • тұз, қант және майдың мөлшерін азайту;
  • көкөністер, жемістер, дәнді дақылдар, сүт және ашытылған сүт өнімдері, майсыз ет пен балық үлесін арттыру;
  • табиғи емес тағамдар мен құрамында қант пен тұзы көп өнімдерді мәзірден шығару (шұжық өнімдері, фастфуд, қант қосылған шырындар, спредтер, консерванттар);
  • семіздік, қант диабеті, жүрек-қантамыр және басқа да аурулардың қаупін төмендету үшін қант мөлшерін 3,6 есеге, тұзды 5 есеге дейін қысқарту.

Сонымен бірге құрамында қант бар сусындар газдалмаған су, сүт, ашытылған сүт сусындары, жеміс шайлары, компоттар және термиялық өңделген, қант мөлшері аз жеміс-жидек сусындарымен алмастырылды.

Мамандардың пікірінше, теңгерімді тамақтану – диета емес, ол өмір салты. Бала жастан дұрыс тамақтану дағдысының қалыптасуы келешектегі мықты денсаулықтың негізін қалайды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: