Жексенбі, 22 желтоқсан, 09:21

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Мектеп оқушысын бірнеше жасөспірім зорлаған

29.01.2024

653 0

Сурет:massaget.kz

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Астанадағы мектептердің бірінші 8-сынып оқушысын 11-сыныптың бірнеше оқушысы зорлағанына қатысты түсінік берді, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Динара Зәкиеваның айтуынша, бұл дерек 2024 жылғы 17 қаңтарда Қылмыстық кодекстің 121-бабының 4-бөлігі бойынша тіркелген.

«Күдіктілер ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қыздың анасымен байланыстамын. Қызбен психологтар жұмыс істеп жатыр», – деп жазды ол Instagram-дағы парақшасында.

Мектеп оқушысын бірнеше жасөспірім зорлаған

Еске салайық, бұған дейін БАҚ-та Астанадағы мектептердің бірінде сегізінші сынып оқушысын бірнеше жасөспірімнің зорлағаны ақпарат жарияланғанын жазған едік. Мұны NewTimes.kz ақпараттық агенттігінің редакциясына зорлық көрген оқушымен бір мектепте оқитын қыздың ата-анасы хабарлаған.

Оның айтуынша, оқушы қызды 11-сыныптың бірнеше оқушысы зорлаған. Оқиғаның мән-жайы әзірше белгісіз.

Астана полиция департаментінің баспасөз қызметі ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабының 4-бөлігі («Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттер») бойынша тергеуді бастағанын хабарлады.

«Қажетті сараптамалар тағайындалды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілмейді», – деп хабарлады департамент.

Ал білім басқармасының баспасөз қызметі бұл іс бойынша тергеу жүріп жатқандықтан, ешқандай ақпарат бере алмайтынын мәлімдеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: