Сенбі, 23 қараша, 19:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Мектеп қауіпсіздігі – басты назарда!

28.08.2024

306 0

“ҚХП” Қызылорда облыстық филиалының өкілдері және Қызылорда қалалық білім бөлімінің әдіскері, қалалық полиция басқармасы ювеналды полиция бөлімінің қызметкері бірлесіп, Қызылорда қаласындағы Темірбек Жүргенов атындағы N136 мектеп-лицейіне партиялық бақылау жүргізді.

Шараның негізгі мақсаты – “Қауіпсіз мектеп” акциясы аясында мектептің жаңа оқу жылына дайындығын пысықтау. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Фариза Абзеева білім ошағының жұмыс барысымен таныстырды.

Бүгінде аталған мектеп-лицейінде 1741 оқушы білім алады. Ал оның 192 оқушысы 1-сыныпқа қабылданса, алдағы оқу жылында 62 оқушы мектеп бітіреді.

Жалпы білім ордасына күрделі жұмыс жөндеу жұмыстары 2014 жылы жүргізілген. Қазіргі кезде ағымдағы жөндеу жұмыстарына 5 600 000 теңге қаржы бөлініп, барлығы игерілді.

Бүгінде мектепте бірнеше мәселелер анықталды. Атап айтсақ, дефектология кобинетінің талапқа сай келмеуі, спорт залда қыздар киімін ауыстыратын бөлменің жоқ екені белгілі болды. Сондай-ақ, психолог маманнның кабинетін соңғы үлгіде жабдықтау керек екендігі байқалды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: