Дүйсенбі, 04 тамыз, 17:49

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№57,2170
02.08.2025
PDF мұрағаты

Мектепке даярлық: 46 228 теңгеден кімдерге беріледі

04.08.2025

42 0

Фото: gov.kz

Қазақстанда әлеуметтік осал отбасылардың балаларын мемлекет есебінен мектепке дайындау шаралары басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқу-ағарту министрлігі ұсынған ақпаратқа сәйкес, биыл жаңа оқу жылы қарсаңында 500 мыңнан астам адамға – жетім, ата-ана қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған және атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасы балаларына қаржылай көмек беріледі.

Министрлік хабарлауынша, өмірлік қиын жағдайға тап болған балалар да назардан тыс қалмайды.

Жалпыға бірдей білім беру қорынан ата-аналардың есепшоттарына әрбір бала үшін 46 228 теңге аударылады. Осы ақшаға мектеп формасын, аяқ киім және кеңсе тауарларын сатып алуға мүмкіндік болады.

Айта кетейік, былтыр да 500 мыңнан астам баланың ата-анасына 22,2 млрд теңге аударылды. Сол кезде әрбір балаға 45 мың теңгеден шыққан.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: