Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 02:01

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

«Мектепке дайындық» облыстық ата-аналар жиналысы өтті

21.08.2024

319 0

Бүгін аймағымызда «Сенімен Болашақ» РҚБ Қызылорда облыстық филиалы мен тәрбие, спорт және қосымша білім беру орталығы ұйымдастыруымен «Мектепке дайындық» атты облыстық ата-аналар жиналысы өтті. Шараға қалалық, аудандық, ата-аналар комитетінің төрағалары мен сала мамандары қатысты. Жиналыс мақсаты – еліміздегі ата-аналар қоғамдастығы арқылы саналы ата-аналар мәдениетін қалыптастыру. Шараға жиналған сала мамандары мен ата-аналар бала тәрбиесіндегі өзекті мәселелерді қызу талқылап, өз ұсыныс-тілектерін ортаға салды. Ашылу салтанатында «Сенімен Болашақ» РҚБ Қызылорда облыстық филиалы басшысы Шәкизат Қаратайұлы баланың дамуына назар аудару және оның пікірін ескеру қаншалықты маңызды екенін түсіндірді. Әрбір ата-ана құмар ойындардың, суицидтік ойлардың немесе ерте жүктіліктің алдын алу үшін не істеу керек екенін, ата-аналарға да, балаларға да осы проблемалардың салдарын ақпараттандырып, болдырмау үшін шаралар қабылдау маңыздылығын атап өтті. Бас қосудың келер ұрпақ үшін жөні бөлек, мазмұны терең екенін тілге тиек еткен облыстық білім басқармасының «Тәрбие спорт және қосымша білім беру орталығы»
Қосымша білім беру бөлімінің әдіскері Мағжан Қанатұлы бала тәрбиесіндегі өзекті мәселелерді, оларға қолдау көрсету маңызды екенін атап өтті. Ата-аналардың педагогикалық мәдениетін қалыптастыру, жауапкершілік пен жас ұрпаққа білім мен тәрбие берудегі әр қадам келешек ұрпақ өміріне әсер ететін айтты. Сонымен қатар шарада Қызылорда қалалық полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімі, ювеналды полиция бөлімшесі аға учаскелік полиция инспекторы Нұрбол Алдабергенов кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы құқық бұзушылықты алдын-алу, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне тоқталды. Қазақстанның үздіксіз білім беру қауымдастығы» Қызылорда облыстық филиалының жетекшісі, «Қарызсыз қоғам» жобасының тренері Наталья Мишукова ата-аналар мен балалардың қаржылық сауаттылық мәселелердің маңыздылығына тоқталды. Бүгінгі ата-аналардың қаржыны дұрыс пайдаланбау салдарынан қоғамда туындап жатқан өткір мәселелерді айтып берді. Шарада сөз кезегін алған Облыстық психологиялық қолдау орталығы» КММ-нің психологі Жания Бисенова балалардың психологиялық қолдау көрсету маңызды екенін түсіндірді. Қоғам назарын бала тәрбиесіне аударуды көздеген ауқымды шараға аймағымыздан жүзден аса ата-аналар мен мамандар қатысты. Жиын соңында шараға қатысушылар пікірлерін ортаға салып, туындаған сұрақтарына жауап алды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: