Сейсенбі, 24 желтоқсан, 08:30

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Мектептегі тамақ сапасы бақылауда

07.11.2024

369 0

Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметінің басымды бағыттарының бірі – балалар денсаулығын нығайту, оқу-тәрбие жағдайын және жалпы білім беру мекемелерінде ыстық тамақты ұйымдастыру сапасын қадағалау болып табылады.

Департаменттің аумақтық басқармалар мәліметіне сәйкес бақылауда 332 жалпы білім беретін мектеп бар, оның 292-сі мемлекеттік және 40 жеке мектеп. Облыстағы 331 мектептiң 324, яғни 98%-нда асхана қаралған, 7 мектепте буфеттік тамақ  ұйымдастырылған. Облыстағы жалпы 291 мемлекеттік мектептің асхана, буфетін  60 жеке кәсіпкер жалға алып жұмыс жасауда.

       2023 жылдың желтоқсан айынан бастап прокуратураның ұсынысымен 262 мектеп асханасы жоспардан тыс тексерумен қамтылып, келесідей заң бұзушылықтар анықталды: күн сайын ас блогында аспазшы нақты ас мәзіріне сәйкес дайын астың тәуліктік сынамасын 48 сағатқа толық қалдырмауы; санитариялық қағидалар талаптарына сай келмейтін материалдан дайындалған тағам турайтын тақтайшалардың пайдаланылуы; ас дайындайтын кастрюльдерге белгі соғылмауы; ас дайындау цехында қол кептіргіштің болмауы; күн сайын медицина немесе жауапты қызметкермен тез бұзылатын тағамдардың және дайын аспаздық өнімдердің сапасын органолептикалық бағалау (бракераж) журналына жазбаның  талапқа сай толтырылмауы; тоңазытқыш жабдықтар мен азық-түлік қоймасында тағам өнімдердің тауар көршілестігі тәртібінің сақталмауы сияқты бұзушылықтар анықталды.

Анықталған санитариялық қағидалар талаптарын бұзушылықтар бойынша 166 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, айыппұл салынды.

         Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету, тағамнан уланудың алдын алу мақсатында облыстық білім, денсаулық сақтау басқармалары мен Қызылорда облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментімен жұмысшы топтар құрылып,   барлық білім беру ұйымдарында қыркүйек айында ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мен аумақтық басқарма мамандарымен мектеп асхана қызметкерлері мен мейірбикелер арасында тағамнан уланудың алдын алу, дұрыс тамақтануды ұйымдастыру, қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар, тағамдарды өңдеуге, сақтауға қойылатын талаптар, өндірістік бақылауды жүзеге асыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар бойынша ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүйелі жүргізіліп, әдістемелік-тәжірибелік  көмектер  көрсетілді және мектеп асханаларын жалға алушы   кәсіпкерлермен 19 семинар өткізілді. Аталған жұмыстар Департамент және аумақтық басқармалар тарапынан тұрақты негізге жүргізілуде.

Ерлан Ұзақбаев

Қызылорда облысының СЭБД басшы орынбасары

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: