Сәрсенбі, 01 сәуiр, 12:10

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№23 (2235)
31.03.2026
PDF мұрағаты

Мектептерде оқушылардың білім сапасына баға беріледі

01.04.2026

48 0

Фото: Оқу-ағарту министрлігі

1 сәуір – 15 мамыр аралығында еліміздің білім беру ұйымдарында білім сапасын бағалауға арналған PIRLS-2026 және TIMSS-2027 халықаралық зерттеулері өткізіледі, – деп хабарлайды KAZINFORM

Оқу-ағарту министрлігі мәліметінше, PIRLS-2026 зерттеуінің алтыншы цикліне 50-ден астам ел қатысып жатыр.

PIRLS – 4-сынып оқушыларының оқу сауаттылығын бағалауға бағытталған халықаралық зерттеу. Қазақстан атынан зерттеуге 219 мектептен 8800-ден астам оқушы қатысады.

Сонымен қатар зерттеу сауалнамасына 8800 – ге жуық ата-ана, 400-ге жуық мұғалім және 219 білім беру ұйымының басшысы қатысады.

Айта кетейік, Оқу-ағарту министрлігі өткен жылдардағы тәжірибені зерделей келе, оқушыларды 1 – сыныпқа қабылдау науқанының басталу мерзімін 1 сәуірден 27 мамырға ауыстыру туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: