Дүйсенбі, 29 қыркүйек, 11:39

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№73, 2185
27.09.2025
PDF мұрағаты

Мектептерде жаңа оқулықтардың апробациясы басталады

29.09.2025

94 0

Фото: Оқу-ағарту министрлігі

АСТАНА. KAZINFORM — 29 қыркүйектен бастап еліміздің 34 пилоттық мектебінде 2026–2027 оқу жылына арналған жаңа оқулықтардың апробациясы басталады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Апробацияны Оқу-ағарту министрлігінің Білім мазмұнын сараптау республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырады.

Апробация 4-сыныпқа арналған — «Қазақ тілі», «Орыс тілі» (қазақ тілінде оқытатын мектептер үшін), «Математика» (қазақ және орыс тілдерінде оқытатын мектептер үшін), «Дүниетану», «Әдебиеттік оқу» және 7–10 сыныптарға арналған «Дүниежүзі тарихы», «Алгебра», «Қазақ тілі», «Химия», «Биология», «Физика», «География», «Құқық негіздері», «Шетел тілдері» (ағылшын, неміс, француз тілдері) оқулықтарын қамтиды.

— Апробация жаңа оқу бағдарламасы негізінде әзірленген жекелеген пәндер бойынша оқулықтардың күшті және әлсіз тұстарын айқындауға, сондай-ақ мектептер үшін оңтайлы оқу материалын іріктеуге бағытталған. Ол оқулықтарды кең көлемде енгізбей тұрып, оқушыларға арналған ең сапалы және тиімді оқулықтарды айқындауға мүмкіндік береді, — деп атап өтті Білім мазмұнын сараптау республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Назира Абдрахманова.

Маңыздысы, апробацияға тек педагогтер ғана емес, оқушылар да қатысады. Бұл оқулықтардың функционалдығы мен тиімділігі жан-жақты түсінік қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Естеріңізге сала кетейік, орталық бес сатылы сараптама жұмысын жүргізеді: ғылыми-педагогикалық сараптама, пысықтау кезеңі, пилоттық мектептерде апробация, қоғамдық талқылау және пәндік сараптамалық комиссияның қорытындысы.

Сондай-ақ сарапшы болуға өтінім бергісі келетін педагогтер bmso.kz ресми сайтында сауалнамадан өте алады. 

Айта кетелік QR-код, бірдей көлем, салмағын жеңілдету — мектеп оқулықтары қалай өзгергені туралы жазған едік. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: