Сейсенбі, 22 сәуiр, 00:41

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№29, 2142
22.04.2025
PDF мұрағаты

Мектептерде жаңа штат пайда болады

21.04.2025

67 0

Фото: коллаж: kursiv.media

Қазақстан мектептерінде жаңа оқу жылынан бастап педагог-кәсіби бағдар беруші немесе педагог-профориентаторлар жаңадан штат ашылады. Бұл туралы «Counseling as a Culture» тақырыбындағы IC3 халықаралық форумында Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан айтқан.

Министрлік мәліметінше, қазіргі уақытта Қазақстанның барлық мектептерінде небары 1000-ға жуық педагог-кәсіби бағдар беруші жұмыс істейді. Ал жаңа 2025-2026 оқу жылында осы мамандыққа арнап жаңа штат ашылып, олардың саны 7 920-ға дейін артады деп күтілуде.

«Мамандық таңдау – әрбір адамның өміріндегі маңызды шешім. Бұл ретте мектеп барынша қолайлы орта қалыптастыруы тиіс. Министрлік осы бағытта нақты қадамдар жасауда. Атап айтқанда, биылғы наурыз айында әр мектепке педагог-кәсіби бағдар беруші үшін жеке штат бірлігін бөлу туралы бұйрық қабылданды. Қазіргі таңда мектептерде 1 159 кәсіби бағдар беруші жұмыс істейді. Жаңа оқу жылында олардың саны 7 920-ға дейін артады деп күтілуде», – деді Еділ Оспан.

Жалпы, 2025 жыл Мемлекет басшысының бастамасымен Жұмысшы мамандықтары жылы болып жарияланған. Сол себепті министрлік кәсіби бағдар беру жүйесін дамытуды қолға алып, арнайы шараларды жүеге асыра бастаған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: