Жұма, 27 желтоқсан, 00:56

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Мектептерге түсіндірме жұмыстары жүргізілді

13.09.2024

322 0

Білім беру ұйымдарында тағамнан уланудың алдын алу, ақпараттық түсіндірме жүргізу, әдістемелік-тәжірибелік көмек көрсету мақсатында арнайы құрылған жұмысшы топ аймақтағы бірқатар мектептерді аралады.

Жұмысшы топ құрамына санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметі, денсаулық сақтау басқармасы, облыстық білім басқармасы мен қалалық білім бөлімі, білім саласында сапаны қамтамасыз ету басқармасының мамандары жұмылдырылды.

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету бағытында жұмысшы топтың мониторингілеу шарасы аясында мектеп асханаларына қойылатын санитариялық қағидалар бойынша түсіндірмелер берілді. Азық-түлікті дайындау мен сақтау шарттары, асхана жабдықтарының бекітілген нормаларға сәйкестігі, дайын өнім мен шикі өнімдерге қойылатын талаптар, асхана қызметкерлеріне белгіленген гигиеналық нормалар, асүй тазалығын қамтамасыз ету, дезинфекциялау тәртібі бойынша қағидалар түсіндіріліп, қауіпсіздікті қамтамасыз етуде өндірістік бақылаудың маңыздылығы айтылды.

Қыркүйек айының 10-нан басталған бұл шара 10 күн бойы қала және аудандардағы барлық мектептерге жүргізілетін болады.

Әлия Әбдіқайымова
Қызылорда облысының СЭБД басшы орынбасары

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: