Мектептің жанынан қыз бала өлі табылған, – деп хабарлайды Massaget.kz.
Оқиға 10 қыркүйек күні Астанада орын алған. Жергілікті тұрғындардың бірі – адам мәйіті мектептен 50 қадам жерде табылғанын жазды.
Жазба авторының сөзінше, қаза тапқан – 2010 жылғы қыз болуы мүмкін.
Бұл дерекке қатысты Полиция департаменті пікір білдірді.
«Кәмелетке толмаған қыздың денесі табылды. Оны зерттеу барысында зорлау белгілері табылмады, өлім себебі анықталып жатыр. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді», – делінген полиция хабарламасында.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!