Бейсенбі, 26 желтоқсан, 21:01

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

«Мемлекет – Бизнес – Университет: өңірлік экономика драйверлері»

13.04.2022

965 0

12 сәуір – Ғылым саласы қызметкерлерінің күніне орай Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Мемлекет – Бизнес – Университет: өңірлік экономика драйверлері» атты дөңгелек үстел өтті.


Облыс әкімдігі мен университет бірлесіп ұйымдастырған шараға Басқарма Төрағасы – Ректор Бейбіткүл Кәрімова қатысып, «Мемлекет-бизнес-университет» үштаған моделін іске асырудың өзектілігі жоғары екенін атап өтті.


Университеттің бизнес өкілдерімен ынтымақтастығын дамыту күн тәртібінде тұр. Бұл тұрғыда ірі бизнес өкілдерімен ынтымақтастық бойынша жол картасы дайындалып, соған сәйкес жұмыстар жүргізілуде. Соның ішінде өңірдегі ірі компаниялардың өндірістік проблемаларын шешуге бағытталған ғалымдарымыздың ғылыми-зерттеу және тәжірибелік конструкторлық жұмыстары ерекше маңызға ие. Мұндай жобаларымызға  «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ, «ҚОР» Мұнай компаниясы» АҚ қаржы бөлсе, «ҚуатАмлонМұнай» БК» ЖШС, т.б. компаниялар қызығушылық  танытуда.


Күні кеше «Торғай Петролеум» АҚ компаниясының білікті  мамандарымен кездесуге университеттің бір топ жетекші ғалымдары барды. Екі жаққа пайдасы көп кездесу барысында өндірісте қордаланған мәселелер ортаға салынды. Өз тарапымыздан оларды шешу  жолдарын қысқа уақытта ұсынатын болып уағдаластық, – деді Бейбіткүл Сәрсемханқызы.
Жиында университет ғалымдары өндірістік проблемалар мен оларды шешу жолдарын талқылады.
Айталық, ғалымдар ауылшаруашылығы және мұнай қалдықтарын лас ағын суларды тазалауға арналған сорбентпен өңдеу жолдарын ұсынып, облыстағы кен орындарының топырағына радионуклидтердің техногендік әсерін төмендету бойынша зерттеулерін баяндады.

Жиын барысында университет ғалымдары ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасы, Алғыс хаты және «Қорқыт ата атындағы Алтын медаль», Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Үздік түлек», «Үздік оқытушы» медальдарымен, Құрмет грамотасы, Басқарма Төрағасы – Ректордың Алғыс хатымен марапатталды.


Айта кету керек, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті ғалымдарының ғылыми зерттеу жұмыстары өндіріске енгізілді. Аймақтағы ірі компаниялардың өндірістік проблемаларын шешуге бағытталған зерттеулер бойынша нақты нәтиже бар.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің
медиа орталығы

«Мемлекет – Бизнес – Университет: өңірлік экономика драйверлері»
«Мемлекет – Бизнес – Университет: өңірлік экономика драйверлері»
«Мемлекет – Бизнес – Университет: өңірлік экономика драйверлері»
«Мемлекет – Бизнес – Университет: өңірлік экономика драйверлері»
«Мемлекет – Бизнес – Университет: өңірлік экономика драйверлері»
«Мемлекет – Бизнес – Университет: өңірлік экономика драйверлері»

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: