Бейсенбі, 26 желтоқсан, 09:58

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

«Мемлекеттік мектепте оқитын оқушылардың 60%-дан көбі сауатсыз»-сарапшылар

30.09.2023

756 0

Дүниежүзілік банктің сарапшылары Қазақстанның мемлекеттік мектептерінде оқитын балалардың 64,2%-ы функционалдық сауатсыз деп мәлімдеді. 

«Қазақстан: инклюзивті және төзімді өсімге қол жеткізу үшін мемлекеттік қаржыны күшейту» ДБ жаңа есебінде банк сарапшылары Қазақстандағы білім сапасы туралы айтты.

«НЗМ оқушыларының функционалдық сауатсыздық деңгейі (алты пайыз) экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымындағы орташа көрсеткіштен (22,6 пайыз) айтарлықтай төмен. Ал Қазақстанның мемлекеттік мектептеріндегі балалардың 64,2 пайызы – функционалдық сауатсыз. НЗМ-де оқушыларды қабылдау прогрессивті емес, өйткені олардың көпшілігінің әлеуметтік-экономикалық жағдайы қарапайым мектептердегі балаларға қарағанда жақсы», – делінген ДБ есебінде.

Ұсынылған есеп жүйе әділ болуы үшін жаңадан енгізілген қаржыландыру формуласына әділеттілік компонентін қосу қажет екенін көрсетті. Дүниежүзілік банктің мәлімдеуінше, бұл жағдайы аса жоғары емес топтағы оқушыларды, қосымша ресурстар мен педагогикалық қолдауды қажет ететіндерді оқытуды қаржылай қолдау үшін керек.

2000-2018 жылдары Қазақстанның білім беру шығындары ЖІӨ-нің 2,3-3,9 пайызына жеткен. Бұл табыс деңгейі орташадан жоғары елдерге қарағанда төмен. 2018 жылы Қазақстан Назарбаев зияткерлік мектептеріне (НЗМ) төрт есе көп жұмсаған. Ал олар барлық орта мектеп оқушыларының 0,4 пайызына ғана тең.

“Қазіргі уақытта оқушылардың шамамен үштен екісі қазіргі әлемде сәтті жұмыс істеуге дайын емес. Атырауда оқушылар НЗМ-дағы құрдастарынан орта есеппен төрт жылға артта қалып отыр”, – делінген хабарламада.

Stan.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: