Бейсенбі, 26 желтоқсан, 06:27

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

«Мен батырдың ұрпағымын» жобасы өтті

09.05.2021

1912 0

Қызылорда қаласындағы NIS-те «Отан үшін от кешкен, біз батырдың ұрпағымыз» марафоны аясында 9 мамыр жеңіс күніне арналған «Мен батырдың ұрпағымын» атты отбасылық зерттеу жобасы шарасы өтті.

Мұны ұйымдастырудағы мақсат оқушыларға патриоттық тәрбие беру, Жеңіс күнінің тарихын білуге, ата-бабалардың ерлігін құрметтеуге, елі мен жерін қастерлеуге шақыру және отбасылық құндылықтарды дәріптеу, бойына жауапкершілік қасиетті сіңіру болып табылады.

7-9, 11 сынып оқушылары қатысқан жоба жұмысының негізгі шарты бойынша оқушылар ата-анасымен бірлесе отырып, ата-тегін зерттеді, өзінің батырдың ұрпағы екендігіне дәлелдер келтіріп, пікір білдірді.
Жеңіс күнінде мерекеге арналған шараның талаптарына сай деп танылған 10 жұмыс арнайы құрылған әділ-қазылар алқасымен тексеріліп талданды. Мұнда тек зияткер оқушылар емес, қала мектептері де атсалысқан.

«Мұндай жұмыстар оқушының зерттеу қабілетін дамытып, отбасындағы қарым-қатынасының нығаюына себепкер болады. Себебі, қатысушылар ата-аналарының көмегімен біраз мәліметтерден дәлелдер келтірген. Жұмыстарды оқи отырып, батыр ата-бабасын мақтанышпен жазғандығын сезесің», — дейді әділ-қазылар мүшесі Гүлзат Шынтасова.

Майдангер аталарын жарыса жазған оқушылар арасынан үздіктер қатары да көзге ілікті. І орынды мектебіміздің 8-сынып оқушысы Сұңғат Бәкіров алса, ІІ орынды 8-сынып оқушысы Бауыржан Ідіріс иеленді. Ал, қола дәрежесіндегі марапатқа аймақтағы Абылай хан атындағы №140 орта мектебінің 8-сынып оқушысы Іңкәр Асқар ие болды.

Сонымен қатар, өз зерттеулерін видео арқылы көрсеткен ерекше жұмыстарды атап көрсету керек. Олардың қатарында 11-сынып оқушысы Санжар Жолдыбаев, 9-сынып оқушысы Жұлдызай Мұңайтбасовалар бар. Шараға қатысқан қалған барлық жұмыстар арнайы алғыс хатпен марапатталды.

Ұлы Жеңіс күні құтты болсын!
Елін дәріптер батырлар ұрпағы өсе берсін!

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: