Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 13:19

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Мерейің үстем болсын, мұғалім!

27.11.2020

1652 0

«Халықтың сенімін ақтаудан артық абырой жоқ, болуы да мүмкін емес» деген Елбасы. Бұл – ұстаз­дың ғана емес, кез келген ұстамды жанның бағдаршамы екені анық. Бұл ретте Президент Қ.К.Тоқаевтың: «Мұғалімнің еңбегі – адамзат игілігімен астасқан өлшеусіз еңбек» деп айтқаны да мәлім. Қай мемлекет ұстаздарына қа­­тыс­ты қандай саясат ұстанса, мем­­­­лекеттің беделі де соған сай қа­­­лыптасады.

Ұстаз – барша адамзат дамуының шамшырақ тұлғасы. Ел мен елдіктің, білім мен біліктің ұйытқысы. Педагог – біріңғай ізгіліктен ғана тұратын кәсіп, ол – ұрпақ пен ұлтқа, адамзат пен болашаққа арналған нағыз өмір сүру салты. Тіпті дүниенің асылын іздеп, соны өзгеге үйретпекке ұмтылған жан қалауы. «Алты Алаштың баласы бас қосса, төрдегі орын мұғалімдікі», деп Мағжан Жұмабаев айтқан еді. Осы тұста, Ел­басының бастамасымен әрі қо­ғам­­ның жіті талқылауынан өткен «Педагог мәртебесі туралы» заң білім саласының мамандарын ғана емес, күллі халықты жақ­сылықтан үміттендірді. Заң ұстаздар қауымына әрі қорған, әрі ынталандыру болмақ.

Бүгінде білімге, мұғалімге қоғам көзқарасы өзгере бастады. Ұстазға көрсетіліп жат­қан құрмет – жақсылықтың нышаны. Бұл – қалыптасқан дәстүрді сыйлау мен қастерлеудің жолы. Отбасы тәлімі мен елдік тәрбие – білім жүйесінің әрі өзегі, әрі айнасы. Біздің мақсатымыз – бәсекеге қабілетті білімді ұрпақ қалыптастыру.

Гүлжаһан Мнажадинова,

И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжінің қазақ тілі, әдебиет оқытушысы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: