Жексенбі, 24 қараша, 17:55

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Мереке қарсаңындағы қуаныш

07.10.2023

366 0

Қызылорда қаласындағы жаңа шағын ауданның бірі – Бәйтерек. Жаңа тұрғын алабы ашылып, жер беріле бастағаннан бұл аймақтың жұрты да көп болатыны белгілі болды. Себебі жыл өткен сайын Бәйтеректегі үйлер саны артты. Бұл өз кезегінде жаңа ауданға мектеп керектігін аңғартты. Ұстаздар күні қарсаңында Бәйтеректе салынып жатқан жаңа мектеп игілікке берілді.

Қызылорда облысының 85 жылдығы мен мұғалімдер күні қарсаңында есігін ашқан білім ордасындағы салтанатты шараға облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қатысып, ізгі тілегін білдірді. 

– Ел Президентінің, Үкіметтің қолдауы­мен Сыр өңірінің білім саласында ауқымды жобалар сәтті жүзеге асырылуда. Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында алдағы екі жылда 12 300 орындық 21 мектеп салынады. Осы жылы 10 мектептің құрылысы басталса, оның бесеуі облыс орталығында бой көтереді. Бұған дейін қаламызда бір ғана «Оқушылар үйі» болса, «ҚазГерМұнай» компаниясының демеушілігімен 2,3 млрд теңгеге 350 орындық заманауи үлгідегі «Оқушылар сарайының» құрылысы жақын күндері басталады. «Саутс Ойл» компаниясының демеушілігімен Сырдария өзенінің сол жағалауынан құны 4,8 млрд теңгені құрайтын музыкалық колледждің жаңа ғимараты құрылысын қараша айында бастап, ауыл балаларына арналған 900 орындық 4 мектепті жыл аяғына дейін табыстаймыз, – деді аймақ басшысы.

Салтанатты іс-шарада облыстық білім саласы ардагерлері кеңесінің төрағасы Ғалым Бекенов жерлестерін жаңа білім ошағының ашылуымен құттықтаса, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Қорғанбек Қайруллаев бата берді.

Бәйтерек шағын ауданындағы №287 орта мектеп облыс орталығындағы үш ауы­сымда білім беретін №261, №280 білім ошақтарындағы оқушылар жүктемесін азайтады.

А.АҚЫЛБЕК

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: