Жексенбі, 24 қараша, 03:38

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Министр жатақханадағы орын тапшылығы қалай шешілетінін айтты

11.09.2022

764 0

Қазақстанда қиын жағдайға түскен оқушыларға жатақханадан қосымша орын беріледі, – деп хабарлайды Massaget.kz

Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Qazaqstan телеарнасындағы «Жедел желі» бағдарламасында айтып берді. Оның айтуынша, қазіргі таңда бос тұрған немесе жартылай бос тұрған бүкіл қонақүй, хостелдермен келісімшарттарға отырып, айына 20-25 мың теңгеге жеңілдетілген ақымен жатақханаға сыймаған студенттерге жеңілдік беріліп жатыр.

«Екіншіден, жаңа оқу жылынан бастап, яғни өткен аптадан арнайы штаб құрдық. Ол штаб Сәтбаев университетінің екінші жатақханасында орналасқан. Бірінші курс студенттері, әлеуметтік осал топтағы студенттер, сондай-ақ жалдауға пәтер таба алмаған немесе қиын жағдайға түскен студенттер штабқа жүгіне алады. Штаб 24 сағат бойы жұмыс істейді. Осындай жағдайларды бірден шешуге тырысамыз. Қиын жағдайға ұшыраған студенттерге орын да тауып береміз. Жоғары оқу орындарымен келісіп, оларды орналастыруға тырысамыз. Штаб қыркүйектен бастап жұмыс істеп жатыр», – деді министр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: