Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Республикалық мемлекеттік қазыналық кəсіпорыны «Əскери – техникалық мектебі» Тараз филиалы базасында өтеусіз негізде мерзімді əскери қызмет өткермеген азаматтарды оқуға шақырамыз.
11 сынып бітірген азаматтарды «ВС1С» санаттағы əскери жүргізушілерді даярлау бойынша оқуға шақырамыз.
Əрбір азамат оқу кезеңінде далалық киім-кешекпен, үш реттамақтандырумен қамтамасыз етіледі. Бітіргеннен кейін мерзімді əскери қызметке міндетті түрде жөнелтіледі.
Сонымен қатар, əскери борышын өтеп болғаннан кейін мамандығымен келісім шарт бойынша əскери қызметке орналасуға мүмкіншілігі, əсіресе Қызылорда қаласы маңындағы əскери бөлімдерге орналасуға болатынын жеткіземіз.
Денсаулық жағдайы бойынша жарамды, бойы 170 см төмен емес;
Жасы он сегіз жасқа толған жəне жиырма екі жасқа дейінгіаралығы бойынша əскерге шақырылушылар;
Қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған;
Оқу мерзімі: үш айНиет білдірген азаматтар төмендегі мекенжай бойынша, Қызылорда қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасына Шүкіров көшесі 101 А үй№ 127 кабинет, 24-50-22 телефоны арқылы хабарласуларыңызға болады.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!