Сәрсенбі, 20 қараша, 15:37

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

Мұғалімдер оқулықтарды жаңа әдіспен таңдайтын болады

27.01.2024

563 0

Сурет:baq.kz

Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы оқулықтарды таңдау бойынша арнайы платформа әзірледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Аталған платформа педагогтерге пәндік оқулықтарды таңдауға мүмкіндік береді.

ETANDAU.GOV.KZ платформасы жабық жүйеде құрылған, ол тек педагогтер, мектеп директорлары, әдістемелік бірлестіктер мен білім басқармаларының басшылары үшін ғана қолжетімді. Жүйе оқулықты таңдау үрдісін автоматтандыра отырып, қабылданған шешімдердің объективтілігі мен ашықтығын арттыруға ықпал етеді.

Электрондық платформа педагогтерге «өз» оқулықтарын таңдап алуға мүмкіндік береді. Сабақ беруді сапалы ұйымдастыруда оқулықты дұрыс таңдау аса маңызды, – дейді орталық директоры Нәзира Абдрахманова.

Атап өту керек, қазіргі уақытта бұл платформа сынақтан өтуде. Пилоттық жобаға Астана қаласының және Қостанай облысының 20 мектебі қатысып жатыр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: