Жексенбі, 22 желтоқсан, 20:41

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

«Мұғалімдер шаршады. Балаға көңіл бөлетін уақыты жоқ»: Блогер

08.11.2024

543 0

Сурет: qarmaqshy-tany.kz

Белгілі блогер, мұғалімдердің жанайқайын көтеретін Бәкіжан Хәкім министрліктен мұғалімдерді жайына қалдыруын сұрады.

Ол қазіргі мұғалімдер балаларға бітпейтін қағаздың кесірінен көңіл бөле алмайтынын ашып айтты. Бұл туралы ол желідегі парақшасында мәлімдеді.

«Білім сапасын қалай көтереміз? Ең оңай лайфхак, ең жеңіл сұрақтардың бірі осы шығар. Мұғалімдерге тиіспеңіздер, еркіндік, уақыт беріңіздер. Мұғалімдердің қазір балалармен айналысатын уақыты жоқ қой? Қағаздан қағаз, тесттен тест, курстан курс, конференциядан конференция., форумнан форум. Мұғалімдер шаршады. Балаға көңіл бөлетін уақыты жоқ мұғалімдердің. Педагогиканың кайфынан қалды ғой мұғалімдер. Мұғалімнің жұмысының рахаты жоқ қой. Біз қағаздармен көмкеріп тастағанбыз мұғалімдерді. Ешқандай білім сапасы болмайды алдағы уақытта…

Балалармен, кітаптармен айналысыңыздар. Кітаптарда қаншама қате… Өріп жүр тек… Отстаньте от учителей. Ақшасын көтердік деп, сол айлықтарын желкелерінен шығару ғой біздікі… Не сұмдық мынау?», — деп шүйлікті блогер

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: