Маңғыстау облысының білім басқармасы кезекті оқу жылының аяқталуына байланысты мектеп бітіру іс-шараларына қатысты ескерту жасады, деп хабарлады turkystan.kz.
Бұл туралы Облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді.
Бітіруші 4, 9, 11-сынып оқушыларынан мектеп қажетіне ақша жинау, мектеп әкімшілігі мен мұғалімдерге қандай да бір сыйлықтар беру, аниматорлар, студиялар мен агенттіктерді шақыру, мектептің ішкі жөндеу жұмыстарына қаражат жинау, оқушылардың автокөлік шеруіне қатысуы, ойын-сауық, мейрамхана, саябаққа баруы, қорытынды аттестаттау кезінде ата-аналардан ақша жинап, мерекелік дастархан ұйымдастыру іс-шараларына қатаң тыйым салатынын ескертеді.
«Құрметті ата-аналар! жоғарыдағы тыйым салынған талаптарды ескерте отырып, балаларыңыздың қауіпсіздігіне бей-жай қарамауыңыз сұралады. Біз үшін басты мақсат – сіздің балаңызға сапалы білім мен саналы тәрбие беру»,— дейді облыстық білім басқармасының басшысы Амантай Кумбаев.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!