Сенбі, 11 қазан, 17:05

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№77, 2189
11.10.2025
PDF мұрағаты

Мұғалімді жұмыстан заңсыз шығарған мектеп 1,8 миллион теңге өтемақы төлеуге міндеттелді

11.10.2025

138 0

Фото: freepik.com

Таразда мұғалімді жұмыстан заңсыз шығарған мектеп 1,8 млн теңге өтемақы төледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Таразда сот жұмыстан заңсыз шығарылған бастауыш сынып мұғалімінімінің арызы бойынша істі қарады. Соттың мәліметінше, мұғалім «моральға қайшы қылық жасады» деген себеппен жұмысынан айырылған. 

Жұмыстан шығарылған мұғалім сотқа жүгініп, ешқандай моральға қайшы қылық жасамағанын және оқушылардың ата-аналарымен болған дау оқу процесінің мәселелері бойынша келіспеушіліктерден туындағанын айтқан.

“Жұмыстан босату туралы шешім әдеп жөніндегі кеңестің қатысуынсыз және жұмыс беруші сілтеме жасаған теріс қылықтарды құжаттық растаусыз қабылданған Мектептің кәсіподақ комитеті де мұғалімнің бұзушылықтары туралы дәлелдердің жоқтығын көрсете отырып, еңбек шартын бұзуды қолдамады”, – делінген сот хабарламасында. 

Сот мектеп басшылығының жұмыстан босату туралы бұйрығын заңсыз деп танып, бастауыш сынып мұғалімін лауазымында қалдыру туралы шешім шығарды. Мәжбүрлі түрде жұмыста болмағаны үшін мұғалімнің пайдасына 1,8 млн теңге мөлшерінде жалақысы, 50 мың теңге моральдық шығын және 300 мың теңге сомасында сот шығындары өндірілді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: