Жексенбі, 22 желтоқсан, 16:53

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Мұғалімге гүл сыйлау жемқорлық па – Асхат Аймағамбетов жауабы

24.05.2021

1293 0

Мұғалімге гүл сыйлау жемқорлық ретінде санала ма? Бұл сауалға ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Отандық телеарналардың біріне берген сұқбат барысында Білім және ғылым министрі соңғы қоңырау жақындаған сәтте әлеуметтік желіде «мұғалімдерге гүл сыйлау жемқорлық саналады» деген сынды пікірлердің өршіп кетуіне байланысты пікір білдірді.

Мұғалімдерге гүл сыйлау жемқорлық деп саналады… Олай санайтын кім? Біз оны жемқорлық деп есептемейміз. Сондықтан да ненің жемқорлық, ненің жемқорлық емес екендігін нақты ажырата білуіміз керек. Бала бірінші сынып табалдырығын аттаған кезде ұстазына гүл сыйласа, она бұл жемқорлық емес», – деді Асхат Аймағамбетов.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: