Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде қазақ поэзиясының жарық жұлдызы Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған әдеби-сазды кеш өтті.
Кеш барысында студенттер ақын өлеңдерін жатқа оқып, Мұқағалидың шығармашылығына арналған әндерді орындады.
Тағлымды шара жастардың әдебиетке деген сүйіспеншілігін арттырып қана қоймай, Мұқағали мұрасының мәңгілік екенін тағы бір дәлелдеді.
Кешке белгілі ақындар, университеттің түлектері, оқытушылар құрамы мен студенттер қатысты.
Сонымен қатар, кеш қонақтары ақын туралы өз ойларымен бөлісіп, оның мұрасының ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатынын ерекше атап өтті.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!