Жұма, 27 желтоқсан, 07:49

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Мұрат Бақтиярұлы әскери кафедраларда студенттерді даярлау сапасына қатысты ұсыныс айтты

03.03.2022

744 0

Сенатор Мұрат Бақтиярұлы азаматтық жоғары оқу орындары жанындағы әскери кафедралардың құрамы мен құрылымын оңтайландыру туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сенатордың айтуынша, қазір еліміздің ЖОО-да тегін және ақылы негізде жүргізілетін 36 әскери кафедра жұмыс істейді.

«Жүргізілген талдау әскери кафедралар бойынша мамандар даярлаудың бірқатар мәселелері бар екенін көрсетіп берді. Жасыратыны жоқ, әскери кафедрасы бар университеттер талапкерлер арасында үлкен сұранысқа ие, өйткені олар армияда қызмет етуден босатылуға заңды негіз береді. Мұны жоғары оқу орындарының басшылары жақсы біледі және қосымша пайда табу үшін әскери кафедра ашуға тырысады», – деді М. Бақтиярұлы Қорғаныс министрінің атына жолдаған депутаттық сауалында

Осы орайда ол кейінгі 6 жылда 11 оқу орнында әскери кафедра ашылғанын айтты.

Сенатор осыған байланысты еліміздің Қорғаныс министрінен азаматтық жоғары оқу орындарындағы әскери кафедралардың құрамы мен құрылымын оңтайландыруда әскери доктринаны іске асыру туралы хабардар етуді, сондай-ақ халықаралық тәжірибені зерделей отырып, жоғары оқу орындарында әскери даярлық жүйесін жетілдіру мүмкіндігіне талдау жасауды сұрады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: