Қытайдың Цзинин қаласында өткен Жер туралы ғылымдар бойынша 18-ші халықаралық олимпиадада (IESO) Қызылорда қаласындағы NIS оқушысы Надира Атымтай (жетекшілері Мұхтар Абилмаев пен Арай Нұрбаева) 3-орынға ие болды.
Жас геологтарға арналған ең беделді халықаралық ғылыми сайысқа 34 ұлттық команда жиналды. Қазақстан атынан Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары қатысып, жүлделі жеті медаль иеленді.
Earth Systems Project номинациясында екі алтын Астана қаласының Нұра ауданындағы NIS оқушылары Алина Айтжанова мен Альнұр Тұрсынханов бұйырса, Талдықорған қаласындағы NIS оқушысы Ақжол Болат осы аталымда қола медалін жеңіп алды. International Team Field Investigation халықаралық командалық зерттеуінде Альнұр Тұрсынханов, Ақжол Болат және қызылордалық Надира Атымтай үш қола жүлдені ел қоржынына қосты. Ақжол Болат теориялық және практикалық сынақтар нәтижесінде тағы бір қола медаль жеңіп алды.
Қазақстан соңғы он жыл ішінде IESO олимпиадасында барлығы 35 медаль иеленген болатын. 2021 жылы да Сырбойылық оқушылар дәл осы олимпиадада қола жүлдесіне қол жеткізді.

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!