Қазақстанда Назарбаев зияткерлік мектебінде білім алу 200 мың теңгеге қымбаттайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқу-ағарту министрлігі Назарбаев зияткерлік мектебінде дарынды оқушыларды оқытуды қаржыландыруға арналған «Өркен» білім грантының мөлшерін өзгертуді жоспарлап отыр.
Осылайша, грант сомасы жатақханада тұруды есепке алмағанда 2 150 208 теңгеден 2 349 191 теңгеге, жатақханада тұрумен 3 036 859 теңгеден 3 247 305 теңгеге дейін өседі.
Бұған дейін Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Қазақстандағы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» атауын өзгерту туралы шешімді эмоциямен қабылдау дұрыс емес екенін айтқан болатын.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!