Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 10:05

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

«NIS Challenge» ынтымақтастықты арттырды

31.05.2023

554 0

Бүгін  Қызылордадағы Зияткерлік мектеп түлектері мен оқушылары «NIS Challenge»  зияткерлік ойынында бақ сынасты.

Назарбаев Зияткерлік мектептері түлектерінің «Alumni NIS» қауымдастығының бастамасымен өткізілген шара еліміздің түпкір-түпкірінде ұйымдастырылды. NIS-тің әртүрлі жылдардағы түлектер мен олардың ізбасарлары интеллектуалды алаңда бас қосып, түрлі форматтағы сауалдарға жауап бере отырып, білім көкжиегін кеңейтті.

Ерекше ойында үздік топтар анықталып, түлектер қауымдастығының арнайы сыйлықтарына ие болды. Ал жеңімпаз команда 100 000 теңге көлемінде сыйақымен марапатталды. Бұл қаражат Зияткерлік мектепте білім алу үшін конкурстық іріктеуден өтіп, резервтік тізімге енген әлеуметтік жағдайы төмен оқушының оқу ақысына жұмсалатын болады. Сонымен қатар, жеңімпаз оқушылар Jusan Singularity бағдарламалау мектебін білім алу мүмкіндігіне қол жеткізді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: