Топ-баннер2

Жұма, 13 наурыз, 21:54

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№18 (2230)
07.03.2026
PDF мұрағаты

NIS педагог-психологтері кәсіби шеберлігін республикалық байқауда дәлелдеді

13.03.2026

34 0

Фото: NIS

Бүгін Алматы қаласында «Үздік жыл психологі» республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды. Қызылордадағы Зияткерлік мектептің педагог-психологі Жадыра Қонысбаева мен Семейдегі NIS-тің педагог-психологі Жадыра Бейсембаева ІІ орынға ие болды.

NIS педагог-психологтері кәсіби шеберлігін республикалық байқауда дәлелдеді

Жадыра Қонысбаева байқауда «Эмоция мен дарын үндестігі: тұлғалық үйлесімнің жаңа формуласы» атты авторлық бағдарламасын ұсынды. Жоба жасөспірімдердің эмоционалдық интеллектісін инновациялық әдістер арқылы дамытуға бағытталған. Бағдарлама цифрлық ортада өсіп келе жатқан жас буынның психологиялық тұрақтылығын нығайтып, эмоционалдық сауаттылығын қалыптастыруға және тұлғалық әлеуетін ашуға мүмкіндік береді.

Ал Семейдегі NIS-тің педагог-психологі Жадыра Бейсембаева «Оқушылардың академиялық жетістігін психологиялық-педагогикалық қолдаудың интегративті моделі» атты бағдарламасын таныстырды. Бағдарлама диагностикалық, түзету және педагогикалық жұмыстарды біріктіру арқылы оқушылардың оқу жетістігін арттыруға және олардың психологиялық жағдайын жақсартуды көздейді.

Айта кетейік, «Үздік жыл психологі» республикалық байқауы педагог-психологтердің кәсіби шеберлігін арттыруға, озық тәжірибелерді бөлісуге және оқушылардың психологиялық саулығын қолдауға бағытталған.

Байқауды жыл сайын Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы өткізеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: