Жұма, 27 желтоқсан, 09:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

NIS тәжірибесі тірек мектептерге таратылуда

11.10.2023

596 0

«Ауылдық аймақтардағы тірек мектептердің әлеуетін арттыру» жалпыұлттық жобасы аясында Қызылордадағы NIS мектебі кезекті тағылымдамашыларды қабылдап, біліктілігін арттыруға ықпал жасады.
Бұл жолы NIS-тің оқыту алаңына Қызылорда обылысының Арал ауданы Ж.Әбдірашов атындағы №62, Қармақшы ауданы Т.Көмекбаев атындағы №250, Жаңақорған ауданы №286 мектептерінің педагог-психологтары, сынып жетекшілері мен кітапханашылары қатысты. Зияткерлік мектеп ұжымы әріптестеріне арнап әртүрлі бағыттағы семинар-тренингтер мен тәжірибе алмасу сабақтарын ұйымдастырды.
Психологиялық қызмет мамандары оқушылармен байланыс орнату, мәселе бойынша оңтайлы шешімдерді анықтау, психологиялық кеңес беруде қолданылатын техникаларды үйретсе, кітапхана-педагогтерінің семинар-тренингінде ауыл ұстаздары кітап оқуға қызығушылықты арттыратын әдіс-тәсілдерді меңгерді.
Сынып жетекшілері үшін 8 тақырыптық алаң жұмыс жасады. Қатысушылар NIS желісінде жүргізілетін «Ұлы дала ақындары», «Менің өмірімдегі мақал-мәтелдер», «Ұрпақтар сабақтастығы», «Қазақ әндері», «100 күйдің тарихы» жобалары мен «Туған елге тағзым» өлкетану-зерттеу экспедициясы бойынша біліктіліктерін арттырды.
Сондай-ақ, «Ата-аналар Университеті» бағдарламасы мен «Әкелер кеңесі» жобасы аясында мектептегі үштік одақ арасындағы байланысты нығайтудың тиімді жолдары талданып, сынып жетекшілері сандық технологияларды пайдаланудың әдістемесімен танысты.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: