Жексенбі, 01 маусым, 00:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№40,2153
31.05.2025
PDF мұрағаты

НЗМ: Мектеп ұжымы толағай табысқа қол жеткізді

30.05.2025

158 0

Қызылорда қаласындағы NIS-те 2024–2025 оқу жылының аяқталуына арналған салтанатты жиын өтті. Бұл күн – мектеп қауымдастығы үшін толағай табыстардың, ал бітіруші түлектер үшін толқынысқа толы сәттің символына айналды.
Биылғы оқу жылы мектеп үшін жемісті болды. Оқушылар ғылыми жобалар байқауларында және пәндік олимпиадаларда түрлі деңгейде жүлделі орындарға ие болды. Жас өнертапқыштардың 27 жобасы білім беру грантына ие болса, оқушылар мен мұғалімдердің 6 жұмысы патентпен тіркелді. Ерекше жетістіктерімен көзге түскен оқушылар мен ұстаздарға дәстүрлі «Жұлдыздар шеруі» аясында құрмет көрсетіліп, мектептің дамуына қосқан үлестері үшін алғыс білдірілді.
Мерекелік шараның ең әсерлі сәті – түлектермен қоштасу кезеңі болды. Биыл «Зияткерлер» бекетінен 151 оқушы сапарға атанды. Оның төртеуі – «Алтын белгіге», он екісі – Үздік аттестатқа үміткер.
Салтанатты жиында мектеп директорының міндетін атқарушы Қалман Беймбетов мектеп ұжымын соңғы қоңырау мерекесімен құттықтап, түлектерге ақ жол тіледі.

Түлектер өз алғыстарын жүрекжарды әндер арқылы жеткізді. Білім кілтін ізбасарларына табыстап, мектеп дәстүрінің сабақтастығын жалғастырды. Ата-аналар да ыстық ықыластарын білдіріп, балаларына сәттілік тіледі.

Шара соңында шырқалған мектеп вальсі мен сыңғырлаған соңғы қоңырау үні – балалық шақ пен жастықтың тоғысқан ерекше де әсерлі сәтіне айналды.

НЗМ: Мектеп ұжымы толағай табысқа қол жеткізді

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: