Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 11:19

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Облыс әкімі «Ustudy» аймақтық тестілеу орталығының жұмысымен танысты

20.05.2021

3112 0

Бүгін Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова «Ustudy» аймақтық тестілеу орталығына барып, орталықтың ұлттық біріңғай тест өткізу бағытындағы жұмыстарын көрді.

Облыс әкімі «Ustudy» аймақтық тестілеу орталығының жұмысымен танысты

Биыл облыста 7007 мың бала мектеп бітірсе, оның 85 пайызы ұлттық сынаққа қатысады. Ұлттық біріңғай тестілеудің алғашқы кезеңінде 5992 түлек, екінші кезеңінде 5936 бақ сынайды. Өңірде ҰБТ 4 мамандандырылған тестілеу пунктте өтуде. Олардың бірі осы «Ustudy» орталығы болса, қалған үшеуі Қазалы, Қармақшы және Жаңақорған аудандарында орналасқан. Орталық директоры Гүлнәр Пейісова тестілеу пунктінің негізгі талаптарға сай жабдықталғанын, қазіргі уақытта ҰБТ өткізілетін орындарда санитарлық талаптардың қатаң сақталғандығын жеткізді. Өңір басшысы тестілеу кезінде түлектерге барлық жағдай жасалауын тапсырып, олардың қауіпсіздік шараларын да басты назарда ұстау қажеттігін ескертті.

Облыс әкімі «Ustudy» аймақтық тестілеу орталығының жұмысымен танысты

«Биылғы түлектер де пандемия жағдайында ұлттық біріңғай тестілеуден өтуде. Сондықтан біз үшін әрбір талапкердің қауіпсіздігі маңызды. Сол үшін санитарлық талаптардың сақталуына аса мән беруіміз керек. Мемлекет тарапынан жастарға қолдау жасалып, мектеп бітірушілерге тестілеуден өтуге екі кезең берілді. Қай кезеңде балы жоғары болса, сол көрсеткіш есепке алынбақ. Бұл көптеген жастың өз мақсатына жетуіне, таңдаған мамандығының иесі атануына сеп болмақ», – деді Гүлшара Әбдіқалықова.

Облыс әкімі «Ustudy» аймақтық тестілеу орталығының жұмысымен танысты

Айта кетейік, биылғы ұлттық біріңғай тестілеу электронды форматты 6-мамырдан бастап өткізілуде. Бүгінгі күнге дейін аймақта 1530 түлек тест тапсырған. Орташа балл – 85 балл. Осыған дейін тест тапсырған мектеп бітірушілердің 15 пайызы 100-ден аса балл жинаған. ҰБТ 30 маусымға дейін жалғасады. Шалғай елді-мекенде бітірушілерді автобустармен тасымалдау шаралары ұйымдастырылуда. ҰБТ кезеңінде талапкерлердің өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында облыстық білім басқармасы медицина, өртке қарсы қызмет және ішкі істер органдарымен бірлесіп жұмыс жасауда.

Облыс әкімі «Ustudy» аймақтық тестілеу орталығының жұмысымен танысты

Биылғы жылғы жаңа ереже бойынша, ҰБТ аяқталғаннан кейін тапсырмалардың жауаптарымен талдау картасы шығады. Яғни оқушылар тестілеу нәтижесін бірден көре алады. Түлектер 5 пән бойынша 120 сұрақтан тұратын тест тапсырып, ең жоғары 140 балл жинауға мүмкіндігі болады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: