Жексенбі, 22 желтоқсан, 16:31

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Облыс әкімінің орынбасары Ұлттық бірыңғай тестілеу өтетін білім базасының жұмысымен танысты

15.04.2021

1469 0

Биыл түлектер ұлттық бірыңғай тестілеуді электронды форматта тапсырады. Білім сынағы тестілеу базасында өткізіледі. Ол үшін Қызылорда облысында 4 тестілеу пункті әзірленген. Ал, Қызылорда қаласында ұлттық бірыңғай тест «Ustudy» білім беру базасында ұйымдастырылады. Облыс әкімінің орынбасары Балжан Шәменова «Ustudy» тестілеу базасына арнайы барып, орталық жұмысымен танысты.

Білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова өңірде ұлттық тестілеуге дайындық барысын, тестілеу пункттерінің әзірлігін баяндады. Сонымен қатар, биылғы ұлттық бірыңғай тестілеудің форматына қатысты негізгі өзгешеліктерді атап өтті.

Айта кетейік, биыл 7006 түлек 11 сыныпты аяқтайды. Оның 90 пайызы ұлттық тестке қатысады жоспарланып отыр.

Биылғы жылдың басты ерекшелігі – түлектер ұлттық тестті екі рет тапсыруға мүмкіндік алады.Қызылорда Облысының Білім Басқармасы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: