Дүйсенбі, 14 шiлде, 19:42

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№51,2464
12.07.2025
PDF мұрағаты

Он мыңнан аса талапкер грант конкурсына қатысу үшін құжат тапсырды

14.07.2025

74 0

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

13 шілдеде білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін өтініштер қабылдау кампаниясы басталды, деп хабарлайды Ғылым және жоғары білім министрлігі.

Қабылдау 20 шілдеге дейін жүргізіледі.

— Бірінші күннің қорытындысы бойынша 10 мыңнан астам талапкер грант конкурсына қатысуға ниет білдіріп, өтініштерін жіберді. Ең көп өтініш «Педагогикалық ғылымдар» және «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» бағыттарына берілді, — делінген министрлік таратқан ақпаратта.

Естеріңізге сала кетсек, биыл құжаттарды egov.kz порталы арқылы онлайн немесе жоғары оқу орындарындағы қабылдау орталықтары арқылы (кез келген жақын орналасқан ЖОО-да) тапсыруға болады.

Атап өтсек, грант конкурсына қатысу үшін талапкерлер жеке куәлік, ҰБТ сертификатын; 3×4 көлеміндегі фото, орта білім туралы аттестат (техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының түлектері үшін диплом) тапсыру керек. Сондай-ақ жеңілдетілген санат бойынша конкурсқа қатысу үшін растайтын құжаттар ұсынылады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: